Международная научно-практическая конференция в Библиотеке аль-Фараби

 

29 ноября 2016 года в Библиотеке аль-Фараби состоялась международная научно-практическая конференция «Продвижение медийной и информационной грамотности с целью повышения информационной культуры общества в Республике Казахстан».

В международной конференции приняли участие общественные деятели, ученые, занимающиеся исследованиями в разных областях CМИ и образования, представители ЮНЕСКО, ООН, руководители и сотрудники национальных и вузовских библиотек Казахстана, преподаватели, студенты, а также представители известных книжных издательств и компаний, занимающихся разработкой программного обеспечения для библиотек (EBSCO, IPRbooks и др.).

Организаторами выступили Библиотека аль-Фараби и факультет журналистики  КазНУ им. аль-Фараби совместно с Национальной комиссией РК по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО, а также  Ассоциацией библиотек вузов Республики Казахстан.

Конференция была посвящена проблемам, которые в современном мире информационных рисков становятся все более актуальными, а именно повышению медиа и информационной грамотности и развитию медиаобразования среди населения. Целью конференции было обсуждение широкого круга проблем формирования информационной культуры населения и роли библиотек и учреждений высшего образования в их решении.

В соответствии с программой конференции были проведены пленарное заседание, а также секционные заседания и круглый стол «Формирование информационной культуры в библиотеках».

Пленарное заседание открыл первый проректор КазНУ им. аль-Фараби М.М. Буркитбаев. На заседании были обсуждены актуальные вопросы по тематике конференции. В частности, представитель информационного бюро ООН Властимил Самек рассказал о сотрудничестве в области устойчивого развития между КазНУ им. аль-Фараби и ООН, ассистент по вопросам коммуникации и информации ЮНЕСКО Г.Ж. Балгарина выступила с докладом «Медийная и информационная грамотность в Республике Казахстан. Видение ЮНЕСКО», Генеральный менеджер библиотеки Назарбаев Университет П.М.Лапо поднял вопрос о современных вызовах для библиотечной профессии.  Директор библиотеки К.Т.Туенбаева раскрыла тему «Библиотекарь как ключевая фигура реализации информационной подготовки и медиаобразования».

Для участников конференции была проведена ознакомительная экскурсия по библиотеке.

На третьем этаже библиотеки прошли выставки книг издательств, оказавших спонсорскую поддержку в проведении конференции: «InterPress», «Kazbim», «Экономика», «Академия», «Қазақ университеті». Также библиотекой была организована книжная выставка на темы: «Медиасауаттылық – заман талабы» и «Бүгінгі кітапханашы – медиамаман». Кроме того, были выставлены сборники книг, разработанные библиотекой имени аль-Фараби: «Жаздым үлгі жастарға ермек үшін», «Қызықты үзінділер», «Интересные факты о книгах», «Путеводитель по музею» и др.

В завершение мероприятия директор библиотеки Туенбаева К.Т. выступила с заключительной речью и поблагодарила всех участников конференции.


Әл-Фараби Кітапханасындағы ғылыми-практикалық конференция

2016 ж. 29 қарашада Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасында  «Қазақстан Республикасында қоғамның ақпараттық мәдениетін арттыру мақсатында медиалық және ақпараттық сауаттылықты ілгерілету» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Халықаралық конференцияға БАҚ және білім беру салаларында зерттеулермен айналысып жүрген ғалымдар,  қоғам қайраткерлері, Қазақстанның ұлттық және жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ белгілі кітап баспаларының және кітапханаларды бағдарламалық қамтамасыз етумен айналысатын компаниялардың (EBSCO, IPRbooks және т.б.) өкілдері қатысты.

Конференция ұйымдастырушылары: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы мен журналистика факультеті, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы, сонымен қатар ҚР ЖОО кітапханаларының қауымдастығы.

Конференция қазіргі ақпараттық қауіп-қатер заманының өзекті мәселелеріне, атап айтқанда, медиалық және ақпараттық сауаттылықты арттыруға және халық арасында медиабілім беруді дамытуға арналған. Конференция мақсаты – халықтың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін және оларды шешуде кітапханалар мен жоғары білім беру мекемелерінің атқаратын рөлін талқылау.

Конференцияның бағдарламасына сәйкес пленарлық мәжіліс, секция, сонымен қатар «Кітапханаларда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Пленарлық мәжілісті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Бірінші проректоры М.М. Бүркітбаев ашты. Мәжілісте конференция тақырыбы бойынша өзекті мәселелер талқыланды, соның ішінде БҰҰ Ақпараттық бюросының өкілі Властимил Самек ҚазҰУ мен БҰҰ арасындағы тұрақты даму саласы бойынша ынтымақтастық туралы баяндады. ЮНЕСКО-ның коммуникациялар мен ақпарат жөніндегі ассистенті Г.Ж.Балгарина «Қазақстан Республикасындағы медиалық және ақпараттық сауаттылық. ЮНЕСКО көзқарасы» атты баяндама жасады. Назарбаев Университеті кітапханасының бас сарапшысы П.М. Лапо кітапханалық мамандық алдында тұрған заманауи сын-тегеуріндер жайлы мәселелерді көтерді. Кітапхана директоры К.Т. Туенбаева «Кітапханашы ақпараттық дайындық пен медиа білім беруді жүзеге асырушы негізгі тұлға ретінде» атты тақырыпта баяндама жасады.  

Конференция қатысушыларына кітапхана бойынша экскурсия жүргізілді. Кітапхананың үшінші қабатында конференцияға демеушілік көрсеткен баспалардың кітаптар көрмесі өтті. Олар: «InterPress», «Kazbim», «Экономика», «Академия», «Қазақ университеті» баспалары, сонымен қатар кітапхана ұйымдастырған  «Медиасауаттылық – заман талабы» және «Бүгінгі кітапханашы – медиамаман» атты кітап көрмесі болды. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы кітапхана әзірлеген «Жаздым үлгі жастарға ермек үшін», «Қызықты үзінділер», «Интересные факты о книгах», «Путеводитель по музею» және т.б. кітап жинақтары таныстырылды.

Іс-шараның соңында кітапхана директоры Туенбаева К.Т. қорытынды сөз сойлеп  барлық конференция қатысушыларына алғыс білдірді.

Tuesday, 29 November, 2016